spot_img
Бейсенбі, Қазан 15, 2026
0.5 C
Kokshetau

1 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі

Сондай-ақ...оқыңыз

«Қазгидромет» ауа райының қолайсыздығына және көктемгі күн жылыну кезіндегі ауа райындағы құбылыстарға қатысты 5 облыста ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді деп болжанады. Көкшетау қаласында 1 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

1 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді деп болжанады. Қостанай қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.

1-2 сәуірде Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысында жауын-шашын түседі деп болжанып отыр, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 2 cәуірге дейін қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығу қауіпті.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «Уикипедияға мақала орналастырудың алгоритмдері» тақырыбында оқыту семинары өтті

2026 жылғы 14 қазанда Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының бастамасымен Көкшетау қаласында «Уикипедияға мақала орналастырудың алгоритмдері» тақырыбында оқыту семинары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика