spot_img
Жексенбі, Тамыз 30, 2026
11.3 C
Kokshetau

Павлодарда бала зорлаған педофил 20 жылға сотталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Павлодар облысында жас баланы зорлады деп айыпталған 58 жастағы ер адам 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Pavlodarnews ресурсы.

Павлодар тұрғыны сотта өз кінәсін мойындамады. Облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер соты баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл іс жабық сот отырысында, алқабилердің қатысуымен қаралған. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің және куәгерлердің сөзімен, сараптама нәтижесімен дәлелденді.

«Сотта прокурор күдіктіні 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындамады, ол және оның адвокаты ақтауды сұрады» деп мәлім етті ведомстводан.

Алқабилердің шешімімен 58 жастағы Павлодар тұрғыны айыпты деп танылды.

Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөліміне сәйкес мұндай қылмыс үшін максималды жаза – 20 жылға соттау. Айыпталушы аталған мерзімді қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде өтейді.

Ер адам кәмелет жасына толмаған балалармен жұмыс істейтін қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зерендіде Ақмола облысының волонтерлер лагері өтті

Зеренді ауданында «CHANGEMAKER CAMP: «Өзгеріс өзіңнен басталады» атты Ақмола облысы волонтерлерінің лагері өтті. «Парус» демалыс базасында облыстың қала-аудандарынан келген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика