spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
4.2 C
Kokshetau

Білім мен тәрбие егіз ұғым -Айнагүл Балташева

Сондай-ақ...оқыңыз

Білім саласының қызметкері болғандықтан, қазіргі таңдағы білім саласының ахуалы, өзекті мәселелері толғандырады. Өткен жыл Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың алғашқы жылы болды. Пандемия кезіндегі күрделі жағдайға қарамастан, облыста мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы негізгі 2 нысаналы индикатор мен  19 көрсеткіштің жоспарлы мәніне қол жеткізу қарастырылып, орындалды.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында білім беру сапасын одан әрі арттыруға бағытталған кешенді шаралар қабылдау қарастырылған. Осы мақсаттар үшін мектепке дейінгі тәрбие саласын дамыту, жаңа балабақшалар, мектептер салу, оқу орындарының 3 ауысымдылығы мен апаттылығы мәселелерін шешу, білім беру ұйымдарының оқу-материалдық базасын нығайту, педагогтердің кәсіби деңгейін және кадрлар даярлау сапасын арттыру көзделген. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының «Білім беру» бағыты бойынша Жол картасында Ақмола облысында жоспарлы 14 көрсеткішке қол жеткізу қарастырылған. Мектепке дейінгі білім беруде балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту жоспарланған: – 3 жастан 6 жасқа дейін 100% дейін; – 1 жастан 6 жасқа дейін 85% дейін. Бүгінгі күні 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамту сақталуда.

2021 жылы 706 орындық 6 мектепке дейінгі ұйым ашу және 145 орындық 5 мектепке дейінгі ұйымды кеңейту жоспарлануда.

Облыста 556 күндізгі жалпы білім беретін мектеп (контингент 129975 оқушы) жұмыс істейді, эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 436 мектеп (103340 оқушы) штаттық режимде және 120 мектеп (26635 оқушы) аралас режимде жұмыс жүргізуде.

Бірінші сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен 100% қамту бойынша жұмыстар іске асырылуда.

Апатты, үш ауысымды оқытуды және орын тапшылығын жою мақсатында 38 мектеп пен қосымша оқу корпустарын салу жоспарланған.

Ағымдағы жылы мектеп құрылысына 5 млрд.теңге қарастырылған. 2021 жылы 2692 орындық 7 мектептің және Көкшетау қаласының мектептеріне 960 орындық 2 қосымша оқу корпусының құрылысын аяқтау және пайдалануға беру жоспарлануда.

(№1 ОМГ 600 орынға, №4 ОМ 360 орынға)

Білім беру объектілерін жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ағымдағы жылы 51 білім беру нысанына күрделі және ағымдағы жөндеуге 3,2 млрд.теңге бөлінді.

     Сондай-ақ мектептерді жаңа модификация кабинеттерімен жабдықтау бойынша шаралар қабылдануда. Бүгінгі таңда 499 орта және негізгі мектептің 370-і жаңа модификация кабинеттерімен жабдықталған. Мектептерде 1055 заманауи физика, химия, биология және ЖМК кабинеттері бар. Жаңа модификациялы кабинеттермен жабдықтау  50% құрайды.

Ағымдағы жылы облыс бюджетінде 29 жаңа модификация кабинетін сатып алу үшін 120 млн.теңге қарастырылған. Облыстық бюджетті нақтылауда қосымша 11 жаңа модификация кабинетін сатып алуға 100 млн.теңге қолдау көрсетілді.

Жалпы, 5 жыл ішінде 470 мектеп (жыл сайын 94 мектеп) жаңғыртылады, бұл мектептерді күрделі және ағымдағы жөндеу, мектеп жиһаздарын, пән кабинеттерін сатып алу, мектеп кітапханалары мен асханаларын жаңғырту, турникеттер орнату және т. б.

Педагогтердің біліктілік деңгейін арттыру үшін Жол картасымен облыстың жалпы білім беретін мектептерінің педагогтерін жаңа аттестаттау жүйесімен қамтуды ұлғайту көзделген. Облыста 15 мыңнан астам педагог жұмыс істейді.

      2021 жылға республикалық бюджеттен мемлекеттік орта, мектепке дейінгі және кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге 5,6 млрд.теңге сомасында ағымдағы жылға берілді.

Сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша Жол картасының үшінші – Әлеуметтік-бағытталған аймақ бағытын тілге тиек еткенде, Nur Otan партиясының «Кедергісіз келешек» жобасын айтып кету абзал. Себебі бағдарлама мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсартуға бағытталған   іс – шаралар кешенін ұйымдастырып, олардың өмір сүру сапасын жақсартуды көздейді.

Балаларды инклюзивті біліммен қамтуды ұлғайтуға үлкен көңіл бөлінуде. Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі 5,5 есеге (10,9% – дан 60% – ға дейін), балаларды инклюзивті біліммен қамту 2,3 есеге (26,7% – дан 60,4% – ға дейін) артты. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың 60% инклюзивті біліммен қамтылған. Аймақтағы ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыру бойынша облыста паспортталған және бейімделген    1672 әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бар.

2020 жылы балаларды инклюзивті біліммен қамтуды арттыру мақсатында инклюзивті білім беруді қолдайтын 3 кеңсе ашылып,   осы жылдың бірінші тоқсанында   тағы бір кеңсе ашылып, 2021 жылы 8 кеңсе ашу жоспарлануда.

2020-2021 оқу жылының басында, 7 – 18 жас аралығындағы арнайы білім беруді қажет ететін оқушылардың жалпы санынан білім берумен 2578 бала қамтылды, бұл 37,9% құрайды.

2025 жылға қарай  Инклюзивті білім беруді қолдаудың ресурстық кабинеттері желісін кеңейту бойынша іс-шаралар жоспары аясында 103 кабинет ашу жоспарлануда .

Инклюзивті білім беруді дамытуда арнайы білім беру ұйымдарының желісі ерекше рөл атқарады. Облыста 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК), 19 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК), 1 «Мейірім» оңалту орталығы жұмыс істейді. 2020 жылы 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті кеңейтілді

Кейбір  мәселелерге тоқталатын болсақ – Оқу тәрбие процесін ұйымдастыруда тәрбиеші педагогтардың арнайы білімдерінің болмауы және мамандар тарапынан тұрақты кеңестің аздығы. Ерекше білімді қажет ететін балалардың мектепке дейінгі ұйымға  тұрақты қатыспауы. Сонымен қатар осы балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілерге біліктілігін арттыру курстарының ұдайы жүргізілмеуі. Педагог-дефектологтардың жетіспеушілігі, кейбір арнайы мекемелер үшін тифлопедагогтар мен сурдопедагогтар, логопедтер санының жетіспеушілігі  мәселе болып қалады.

Балалардың, жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, шығармашыл дарынды балаларға қолдау көрсету, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және олардың дарындылығын өздігінен дамытуға негізделген қосымша білім беру орталығы – «Bolashaq Saraiy» мекемесінде  «Бейімді орта» жобасы арқылы оқушылардың жалпы және ерекше білім беруге қажеттіліктерін қанағаттандыратын бейімді білім беру ортасын жасау; психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, әр түрлі саладағы мамандар мен білім беру процесіне қосылған ата-аналардың өзара әрекеттестігін үйлестіру бойынша психолог-педагогтар, тәрбиешілердің қолдауымен қажетті жағдайларды жасауда жұмыстар жүргізілуде. Қалаулары бойынша келеміз деген ата-ана, балаларға қуанышты боламыз.

Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесі 2021 жылының нәтижесі бойынша 80%-ға, ал 2025 жылы 100% қамтылуы жоспарлануда.

Әрбір Қазақстандықтың өмір сүру деңгейін арттыруды мақсат еткен «Nur Otan» партиясының «ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!» атты сайлауалды бағдарламасын орындау аясындағы Жол картасы өңірді кешенді дамытуға бағытталған, аймағымызды экономиканың тұрақты, бәсекеге қабілетті құрылымымен және өмір сүру үшін жайлы және қауіпсіз өмір сүру үшін 7 басым бағыт бойынша нақты шараларды ұсынады және сол жолдан таймай халықтың игілігі үшін қызмет етуді жалғастырады.

Айнагүл БАЛТАШЕВА,

Ақмола облыстық мәслихатының депутаты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img