spot_img
Сенбі, Сәуір 27, 2024
17.2 C
Kokshetau

Ақмолалық шахматшылар Сочиде өткізілуі жоспарланған әлем чемпионатына жолдаманы ұтып алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көктемгі демалыс кезінде ағымдағы жылдың 23-30 наурыз аралығында Нұр-сұлтан қаласында «Ақбозат-2021» республикалық шахмат біріншілігі өтті. Бұл қалыпты режимде өткен алғашқы жарыс. Ақмола облысының намысын Көкшетау қаласының №16 орта мектебінің оқушылары Абай Әлішер, Мурга Даниил, Алибаев Дамир және Аристова Ламиса қорғады,-деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық білім басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жарыстардың ерекшелігі команданың барлық мүшелері (3 ұл+1 қыз) туған жылы 2006-дан үлкен емес бір мектеп оқушыларының болғаны. Дәл осы жерде 2021 жылдың маусым айында өткізілуі жоспарланған Сочидегі әлем чемпионатына жалғыз жолдама ойналды.

Турнир әр қатысушыға (классика) 1,5 сағат Регламентпен айналмалы жүйе бойынша өткізілді. Көкшетаулық оқушылар өткен екі жылда қола жүлдегер атанса, үшінші талпыныстан осы жылы шахмат бойынша спорт шеберіне үміткер, жаттықтырушы Бигожин Қанат Тоқтарұлымен бірге Қазақстан чемпиондары атанды.

Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы ең шешуші кездесулерде олар шеберлік танытып, командалық ойында тиісінше 2.5:1.5 және 3:1 есебімен жеңіске жетті. Команда капитаны Абай Алишер РФММ Қазақстан Чемпионын жеңіп, бірінші тақтада  Нұр-Сұлтан қаласында өткен жеке біріншілікте жеңімпаз атанды.

Команданың басқа мүшелері де артта қалмауға тырысты. Д.Мурга – 2 орын, Д. Алибаев – 2 орын, Л. Аристанов – 3 орынды жеңіп алды.
Бұның барлығы команданың жетістігі, олардың бәрі жеке есепте жүлдегер атанды және басқа командалардан үлкен артықшылықпен 1 орынға шықты.

2 орынды Алматы қаласының қатысушылары 3 орынды Нұр-Сұлтан қаласының шахматшылары иеленді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img