spot_img
Сейсенбі, Сәуір 23, 2024
7.2 C
Kokshetau

Көкшетаулық жас кәсіпкер ер азаматтарға арналған отандық костюм үлгілерін тіге бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетаулық Қайрат Сейтқазин ер азаматтарға арналған кастюмдер тігумен айналыса бастады. Бұған дейін мемлекеттік қызметте болған ол сәнгер-дизайнерлік өнерді де бағындыруға бел буған. Бүгінде Қайраттың ательесіне жергілікті белгілі тұлғалардан тапсырыстар түсе бастаған,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Қайрат тігін шеберханасының ресми атауын «1217» деп атағанды жөн көріпті. 1917 жылы Орынборда желтоқсанның 5-17 аралығында II жалпы қазақ съезді өткізілді. Бұл жиынға қазақ автономиясының түкпір түкпірінен қазақ зиялылары жиналды. Екі аптаға жуық созылған құрылтай аясында 12 желтоқсан күні «Алаш орда үкіметін құру» туралы жарлыққа қол қойылды.

Жас кәсіпкер қазақ тарихындағы осы оқиғаны тігін шеберханасының атауымен байланыстыруға шешім қабылдаған.

Тарихымыздағы осы оқиғадан кейін барлық қазақ зиялылары Әлихан, Ахмет, Міржақып сынды тұлғаларымыз костюм кие бастады,-дейді Қайрат.

Мұнда ер азаматтарға арналған костюм шалбарлар, қазақ стиліндегі сырт киімдер, бас киімдер тігіледі. Сонымен қатар қыздарға арналған сәнді қазақы көйлектер мен киім түрлері, әйелдерге арналған кез келген бешпет, үкілі тақия, ұлттық үлгідегі сырт киімдерге тапсырыстар қабылданады.

Тапсырыстарды қысқа мерзімде орындауға тырысамыз. Өлшемін алған күннен бастап бас аяғы 5-6 күнде тігіп береміз. Тапсырыс берушінің қалауына орай ұлттық үлгідегі ою мен өрнекті де қолдануға болады. Бағасы қолжетімді. Костюмдердің бір данасының бағасы 32-40 мың теңге аралығында,-дейді сәнгер-дизайнер.

Қайрат Сейтқазин Көкшетауда заманауи үлгідегі костюмдер тігетін шеберханың жоқтығын да ескерген. Оның айтуынша, отандық өнім өндіруді қолға алып, жергілікті сән өнерін дамыту ең басты мақсат болып отыр.

Мен бұл шеберхананы ашпас бұрын көп іздендім. Сұрастыра келе арнайы костюмдерді тігетін мата да өз елімізден табылмайтынын білдім. Қазақстандық барлық сәнгер-дизайнерлер сияқты мен де матаның түрлерін Қытай, Түркия сияқты шет мемлекеттерден алдырамын,-дейді кәсіпкер.

Сұқбаттасу барысында Қайрат алдыға қойған жоспарларымен де бөлісті.

Менің бұл кішігірім шеберханам үлкен сән үйіне айналып, тапсырыстарды үздіксіз қабылдайтын ірі компанияға айналғанын қалаймын. Көкшеліктер менің жұмысымды бағалап, «Қайраттың костюмдері» дейтін бренд пайда болса, тамаша емес пе?-дейді Қайрат келешекке көз тастап.

Бүгінде оның шеберханасына тапсырыс берушілердің қарасы көбейе түскен. Белгілі болғандай, жергілікті өнерпаздар, зиялы қауым өкілдері, мәдениет үйлері мен өнер мекемелері «Қайраттың костюмдеріне» тапсырыстар түсірген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазіргі бақылау мен тексерістердің өз ерекшеліктері бар

«Бизнесті тексеру – бұл айналып келіп, бір қақпаға соға беретін доп ойыны емес» деген тақырыпта жазылған газет бетінде бір...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img