spot_img
Жұма, Мамыр 10, 2024
10.3 C
Kokshetau

Шағын шаштаразымды сұлулық салонына айналдырғым келеді – Ольга Бутенко

Сондай-ақ...оқыңыз

Жақсы ауданының Запорожье ауылында тұратын көп балалы ана Ольга Бутенко жиырма жылдан бері шаштаразшы болып жұмыс істейді. Бұл кәсіпті ол бала тәрбиесіне байланысты демалыста отырған кезінде меңгерген,-деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық «Арқа ажары» газетіне сілтеме жасап. 

Ольганың негізгі мамандығы логопед-психолог-дефектолог. Бұл мамандықты меңгергендер де некен-саяқ. Қалай дегенмен де, төрт баланы бағып-қағу, тәрбиелеу, сонымен қатар, мектептегі жұмысты бірге алып жүру оңай-оспақ шаруа емес. Сол себепті, Ольга үйде отырып, кәсіп меңгеруді жөн санаған. Жекеменшік шаштараз ашсам деген арманы көптен бері көкейде жүретін. Жас кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларды естіп-біліп, өз бағын сынап көрген болатын. Нәтижесінде өткен жылы «Бастау» жобасына қатысып, грант ұтып алды. Өз ісін жетік меңгерген Ольга Владимировна бизнес жоба жасау қиындық тудырмағанын баса айтады.
–Бұл идеяны көптен бері жүзеге асырсам деп жоспарлап жүрген едім. Қаражат жағы тапшы болатын. Осы орайда, мемлекеттің кәсібін ашамын дегендерге қолдау көрсетіліп жатқандығына дән ризамын. «Бастау» жобасы мен сияқты талай жанның арманына жол ашты. Алға қойған мақсаттарым мен жоспарларым көп. Бәрі де балалардың болашағы үшін ғой. Алдағы уақытта шағын шаштаразымды сұлулық салонына айналдырып, кәсібімді дамытсам деймін. Ол ойым әрине, уақыттың еншісінде, – дейді Ольга Бутенко.

Қазіргі таңда ол ауылдағы сауда үйінен бір кабинетті жалға алып, өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Жанында осы кәсіпке өзі баулып, үйреткен шәкірті бірге жұмыс істейді.
г

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жеңіс күніне орай ардагерге құрмет көрсетілді

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов пен депутат Саят Сыздықов тыл еңбеккері  Ксения Петровна Тюменцеваны Жеңіс күнімен құттықтады. Зеренді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img