spot_img
Жұма, Сәуір 19, 2024
24.2 C
Kokshetau

«Ниеттерің ақ болсын, Бастарыңа бақ қонсын!»: Көкшетауда батагөйлер марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда «Қоғамдық келісім» сарайында «Батаменен ел көгерер…» атты облыстық байқауының жеңімпаз ақсақалдары марапатталды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, додаға 16 аудан мен Степногорск, Көкшетау қалаларынан 80-нен астам бейне баян келіп түскен,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақапарат агенттігі.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

«Бата беру» дәстүрінің үздік үлгілерін көпшілікке насихаттау мақсатында шараны Наурыз мерекесіне орай «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі ұйымдастырды.

Бұл байқау негізінен ел ішіндегі қазыналы қарияларды, сөз ұстаған ағаларды танымал етіп, олардың өмірлік жолын жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұйымдастырылды. Бұған әсіресе, Көкшетау, Степногорск қалалары, Целиноград, Егіндікөл, Ерейментау, Астрахан, Біржан сал, Бурабай, Зеренді аудандарының батагөйлері белсенділік танытты. Ата да, бата да жеткілікті болды. Жалпы қорға 100-ден астам бата келіп түсті,-дейді «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы Марал Жақыпова.

Хасенов Белгібай Бурабай ауданының қатысушысы. Ынталандыру сыйлығына ие болған ақсақал 30-дан астам бата береді.

Қазақта батаның түрі көп. Азаматқа, жаңа түскен келінге, жас балаға, алтын той, күміс той сияқты тойларға, жас жұбайларға, өмірден қайтқан кісіге берелетін баталар бар. Олардың әрқайсысының өзіндік мән-мағынасы бар. Жас ұрпақ соны білуі тиіс. Менің байқауға қатысқан мақсатым да осы,-дейді Белгібай ата.

Ал, Степногорск қаласынан келген Оспан Кәдіровтың айтуынша, «Бата беру» үрдісі қазақтың ең асыл сөздерінен құралып, Жаратушыдан ризық несібемен қатар саналы ұрпақ нәсіп етуін сұраудың жолы. Бес перзент тәрбиелеп, 12 немере сүйіп отырған ақсақал бата мен тілекті шатастырмау қажеттігін айтады.

Аталмыш байқауға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, тілдерді дамыту орталығының басшысы Қаратай Төлекеев, профессор Сәбит Жәмбек қазылық етіп, келіп түскен батагөйлердің жұмысын іріктеген.

Қазылар алқасының шешімімен батагөйлерге барлығы 6 жүлде тағайындалды. Бірінші орынға Жарқайың ауданынан Ақзамиденов Сәрінжіп лайық деп танылса, екінші орынды Біржан сал ауданының қатысушысы Қарабөкен Аязби ақсақал, ал, үшінші орынды Егіндікөл ауданының абызы Балшық Бияданұлы жеңіп алды.

Ынталандыру сыйлықтары Хасенов Белгібай, Жумбин Турган, Кәдіров Оспан сынды ауыл ақсақалдарына берілді.

Айта кететін бір жайт, жиын соңында Марал Жақыпова алдағы уақытта ең үздік баталар іріктеліп, баспадан кішігірім кітап болып басылып шығатынын хабарлады. Осылайша, баталы сөздер ел ағаларының төс қалтасына салып жүруіне ыңғайлы етіп жасалмақ.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Тіл – ұлттың жаны» , – Біржан Қайыр

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Көкшетау қаласының 1 мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі Біржан Қайыр. Ол Ақмола облысы Біржан Сал...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img