spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
-0.3 C
Kokshetau

Ақмола облысында су тасқынының алдын алу жөніндегі жедел штаб құрылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында көктемгі су тасқыны қауіп-қатерінің алдын алу бойынша дайындық шаралары жүргізілуде. Оған барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар жұмылдырылып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қанат Доспаев хабарлады.

Брифингте мәлім болғанындай, биылғы көктемгі су тасқыны қатерінің алдын алу жұмыстары өткен жылы жазда басталған. Осы бағытта төтенше жағдайлар департаментіне 2021 жылғы облыстық бюджеттен су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге 72 миллион теңге сомасында қаражат бөлінген.

Ал, төтенше жағдайға және әкімдіктерге шұғыл жәрдем шығындары үшін 643,4 миллион теңге қарастырылып отыр.

«Өңірлердің әкімдіктері 43 елді мекенде ұзындығы 47,1 шақырым су бұру арналарын орнату, 5,2 шақырым топырақ үйілген бөгеттерді нығайту, 4,8 шақырым топырақтан бөгеттер салу, 24,4 шақырым өзен арналарын тазарту, 50 су өткізу құрылыстарын орнату және жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жақында 10 ауданда өзен мұзын қопсыту және жару жұмыстары басталады», – деді Қанат Доспаев.

Су басу қаупі жоғары аймақтар саналатын Аршалы ауданында 9 елді мекенде су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілді. Елді мекендерді инженерлік қорғау іс-шараларының жоспарына сәйкес, Есіл өзені арнасының бойында орналасқан Жібек жолы және Түрген ауылдарындағы тұрғын үйлердің аулаларына топырақтан бөгеттер тұрғызу, жыраларды, су өткізу құрылыстары мен өзен арналарын өсімдіктерден тазарту жұмыстары жүргізілуде.

«Наурыздың 25-де департамент жанынан көктем мерзімін апатсыз өткізу жөніндегі облыстық жедел штаб құрылды. Сонымен бірге, тұрғындарды қауіпті аймақтардан эвакуациялау үшін 222 пункті әзірленді, тамақтандыру үшін 69 келісімшарт жасалды, 1544 кереует пен 3740 төсек дайындалды. Қазгидрометтің гидробекеттерінен бөлек, қосымша 89 бақылау бекеттерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады. Көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары Атбасар, Аршалы, Целиноград және Астрахан аудандарында да жүргізілуде», – деп түйіндеді Қанат Доспаев.

Жалпы, қазіргі кезде Ақмола облысындағы елді мекендерден барлығы 443,3 мың текше метрден астам қар күрелді, сондай-ақ, 345,8 тонна жанар-жағармай, 11,6 мың тонна инертті материал, 87,2 мың қаптар дайындалды, 1 мыңнан астам арнайы техника толық дайындыққа келтірілді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Қазақ тілі қажеті болмаса, не үшін үйрендім?..» деген сөз қандай ауыр еді!..

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді үйреніп алып, қазақ тілінің көркемдігі мен шұрайлылығын насихаттап, мақтап етіп...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img