spot_img
Жұма, Сәуір 26, 2024
10.2 C
Kokshetau

«Музейге жәдігер сыйла»: қорға 100-ден астам экспонат түсті (ФОТО)

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласының тарихи музейі қаңтар айынан бастап «Музейге жәдігер сыйла!» акциясын бастаған болатын. Музей ұжымы бұл іс-шараны Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай ұйымдастыруда,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Қазақ мемлекетінің іргесін нығайтып, туған қала Көкшетаудың өзіндік тарихын сақтап қалу мақсатында музей қызметкерлері БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы 1990-2000 жылдар аралығындағы қолданыстағы жәдігерлерді музейге тапсыруға шақырды.

Бұл акцияға алғашқылардың бірі болып атсалысқандардың бірі Көкшенің белгілі суретшісі, ҚР суретшілер одағының мүшесі Дулат Қоспанов болды. Ол музейге өзінің «Абылай хан» картинасын сыйға тартты. Шебердің манументалды жұмысы XVIII ғасырдың халықаралық саяси аренасында ең маңызды тұлғалардың бірі болған, есімі Қазақстанның тәуелсіздігі, жалпыұлттық бірлігі мен аумақтық тұтастығы идеясымен байланысты Ұлы Абылай ханның мінезі мен болмысын дәл жеткізеді. Сонымен қатар Дулат Әбдірахманұлы музейге живопись топтамаларын сыйлады,-дейді музейдің ғылыми қызметкері Алёна Куц.

Көкшетау қаласының қоғам қайраткері Күміс Мұратбекова мұражайға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тарихын бейнелейтін суреттер мен кәдесый өнімдерін және Ақан сері әндерінің аудиокасетасын тарту етті. Сонымен қатар Абылай ханның 280 жылдығына, ғалым-этнограф Ш.Уәлихановтың 150 жылдығына, Бұқар жыраудың 325 жылдығына шығарылған белгілерді табыс етті.

Сондай – ақ, музейқоры 1993 жылғы Қазақстанның ұлттық валютасының алғашқы үлгілері – теңгемен және «Риск-Бизнес», «Любимый город», «Курс» сияқты қалалық газеттердің алғашқы нөмірлерімен толыға түсті. Көкшетау қаласының тарихы мен тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің дамуын бейнелейтін фотоаппараттар-сабын салғыштар, бейнемагнитофондар, кассеталарм, дискеталар, алғашқы ұялы телефондар, қызықты фотосуреттер музей төрінен орын алды,-деп толықтырды Алёна Куц.

 

Оның айтуынша, бүгінде мұражай қорына барлығы 100-ден астам экспонат түскен.

Акция ел тәуелсіздігін тойлау мерейтойлық жылы бойы жалғасады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img