spot_img
Дүйсенбі, Қазан 7, 2024
11.6 C
Kokshetau

Шыңғыс хан: Көрермен театрын, актер сахнасын сағынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облыстық Шахмет Құсайынов атындағы қазақ драма театры Елена Баранчикованың «Шыңғыс хан» драмасын көрермен назарына ұсынды. Бұл коронавирус қаупі төнгеннен бері көкшелік жұртшылыққа театр сахнасында алғаш қойылған спектакль,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бұған дейін көрермен залының 20 пайызын ғана қамти отырып, өңірдегі өнер ордаларының жұмысына рұқсат берілді.

Қойылым режиссері ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұратбек Оспанов. Пъесаны қазақшаға аударған Серік Жетпісқалиев.

Жалпы қойылым Азияда біртұтас мемлекетті құрушы, Маңғол империясының негізін қалаған Шыңғыс ханның тұлғалық кейпін ашуға бағытталған.

Қойылымда Шыңғыс хан дәуірінің қалыптасқан кезеңдерінен бастап, оның билік құрған тұсындағы әскери қарулы күші, ханның әлемнің тең жартысын жаулап алудағы мақсаттары көрініс береді.Бала кезден бірге өскен досы Жамухамен ара қатынасы, оның сатқындағы және әйелі Бөртеге қатысты оқиғалар баяндалады.

Спектакль өте жақсы ұнады. Бір серпіліп қалдық. Барлық актерлер өз рөлдерін жақсы сомдап шықты. Көрермен театрын, актер сахнасын сағынып қалыпты. Бұл қойылым өзін көшпенділердің ұрпағымын деп санайтын кез келгенге рух береді. Жігерін жониды. Қайратын шыңдап, алға ұмтылуына әсер етеді,-дейді көрермендердің бірі Майгүл Жақанова.

Бас кейіпкер Шыңғыс ханның рөлін театр актері Медет Хамзин, Бөртені актриса Ғалия Қорабаева, Жамуханы Зүлкәпіл Батихан ойнады.

Көшпенділер тарихында бақсы шамандар айырықша орын алатындығы белгілі. Көк тәңірі мен отқа табынып, жерге иелік еткендер бақсыға келіп болашағын болжататын болған. Тіпті Шыңғыс хандай алып баhадүрлер табихат ана мен жер ананың тілін ұғатын бақсыларды іздеп жүріп, алдыртатын болған.

Спектакльде бақсының рөлін Мәдениет саласының үздігі театр артисі Дархан Хасенов сәтті орындап шықты.

Бұл жұмысымыз Алтын орданың 750 жылдығына арналған еді. Бірақ өткен жылы коронавирус індетіне байланысты дайын болмады. Енді бүгін міне, сәті түсіп, назарларыңызға ұсынып отырмыз. Биыл театрдың 25 жылдығы, ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойларына арналған қойылымдар болады. Халқымыз нәубеттен аман болып, театрға еркін келетін күн тусын дегім келеді,-деді Мұратбек Оспанов.

Қойылымның соңы дәуірлер бойы жалғасқан қан төгіс пен соғысты тоқтату – ана мен сәбидің құдіретіне бас июмен өлшенетіндігінен хабар берді.

Әскерлер қару жарақтарын тастап, құшағында сәбиі бар ананы биікке көтеру арқылы бейбітшілік пен тыныштықты насихаттағандай әсер қалдырды.

.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚМОЛАЛЫҚ ПЕДАГОГ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Көкшетау қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Муханбетжанова Аксауле бастауыш сыныптарда математиканы оқыту ерекшеліктерін,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img