spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
5.6 C
Kokshetau

Кішкентай ханшайым-2021: Жүлдегерлер анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сарайы қаладағы балабақша тәрбиеленушілері арасында «Кішкентай ханшайым-2021» онлайн байқауын ұйымдастырылды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Жас таланттарды анықтау, балаларды өнерге баулу, отансүйгіштікті насихаттау мақсатында өткен байқауға облыс орталығындағы 20-дан астам мектепке дейінгі мекеме қатысты. Осы байқауда Көкшетау қаласының білім бөлімі жанындағы «Шұғыла» мектепке дейінгі шағын орталығының тәрбиеленушісі Зейнеп Ғалихайнар белсене қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.

Байқаудың «Таныстыру» деп аталатын бірінші кезеңінде кішкентай арулар өздері жайлы мағлұмат берсе, екінші кезеңде өнерлерін ортаға салды. Ал, үшінші кезеңде тәуелсіздік тақырыбына дефиле көрсетті. Осы ретте «Шұғалы» шағын орталығы «Алма» тобының тәрбиешілері Камета Дәулетова мен Айтолқын Әбілованың дефилеге өз қолдарымен сәнді киім тігіп, баланы байқауға жақсы дайындағанын атап өту керек.

–Барлық қатысушылардың байқауға үлкен жауапкершілікпен, жақсы дайындықпен келгенін атап өткім келеді. Бүлдіршіндерді байқауға дайындаған балабақша тәрбиешілеріне, ата-аналарына алғысымызды айтамыз. Барлық бала жақсы деңгейде өнер көрсетті, – деген қазылар алқасының мүшесі, облыстық халық шығармашылық орталығының маманы Азамат Темірғалиевтың айтуынша, байқауда барлық балабақшалар белсенділік танытқан. Әсіресе, шағын орталықтардың да көштен қалмай, бүлдіршіндерді көпшілік шараларға қатыстырып жатқаны қуантады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img