spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
1.1 C
Kokshetau

Биыл Ақмола облысында 3 балабақшаның құрылысы басталады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 1-6 жастағы 33 мыңнан астам бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған, Жоспар бойынша барлығы 75,4 пайыз болса, бұл 77,6 пайызды құрады, деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылы 634 жаңа орын ашылды, яғни 481 орынға арналған 7 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Оның ішінде 153 орынға 5 балабақша кеңейтілді. Шортанды ауданы Төңкеріс ауылында 140 орындық балабақша құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, 840 орындық 3 балабақша құрылысы жалғасып жатыр. Оның екеуі Целиноград ауданында және Көкшетау қаласында 280 орындық сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған бір балабақша.

«2021 жылы тағы 3 балабақша құрылысын бастауға қаражат бөлінді. Бұл – Целиноград ауданының Қоянды ауылында, Көкшетау қаласының Краснояр ауылында және Көктем шағынауданындағы мобильділігі аз топтарға арналған балабақша» деді ведомстводан.

Сонымен бірге, мектепке дейінгі білім саласына бизнес белсенді тартылып отыр. Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың саны 119 дейін артты, оның арқасында 11 мыңнан астам орын құрылды.

«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде мектепке дейінгі білім жүйесіне тартылған 800 миллион теңгеден астам инвестиция есебінен 13 жоба іске асырылуда. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамтуды ұлғайту мақсатында 2021 жылы 37 бөбекжайды балабақшаға ауыстыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 86 балабақшада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасалған» деп толықтырды ведомстводан.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Қазақ тілі қажеті болмаса, не үшін үйрендім?..» деген сөз қандай ауыр еді!..

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді үйреніп алып, қазақ тілінің көркемдігі мен шұрайлылығын насихаттап, мақтап етіп...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img