spot_img
Жексенбі, Қазан 13, 2024
-7.8 C
Kokshetau

Наурыз айы басталғалы теңге 0,8 пайызға әлсіреді

Сондай-ақ...оқыңыз

Наурыз айының басынан теңге 0,8 пайызға әлсіреді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы ақпанда мұнай бағасы ОПЕК+ елдерінің шикізат өндіруді қысқартуы, АҚШ-тағы температураның өте төмен болуы, әлемде Covid-19 ауруының төмендеуі нәтижесінде жылдық рекордтан асып түсті», – деді 2021 жылдың қаңтар-ақпанындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында баяндаған ол.

Оның атап өтуінше, рекордтық мәнге жеткен Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына шетелдік капиталдың әкелінуімен қатар республикалық бюджетке трансферттер бөлу аясында Ұлттық қор активтерін конвертациялау, квазимемлекеттік сектор компанияларының экспорттық валюта түсімінің бір бөлігін сату, сондай-ақ компаниялардың тоқсандық салық төлемдері есебінен ақпанда ұлттық валюта айырбастау бағамының бір АҚШ доллары үшін 417,09 теңгеге дейін 1,7 пайызға нығаюына ықпал етті.

«10 наурызда теңге бағамы салықтық кезеңнің аяқталуы, санкциялық риториканың күшеюі салдарынан негізгі сауда әріптесі валютасының әлсіреуі аясында айдың басынан бері 0,8 пайызға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 420,58 теңгені құрады», – деді Ерболат Досаев.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстанда 1 млн. астам азамат еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүр.

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры еңбек шартынсыз жұмысқа қабылдау және еңбек құқығын бұзу фактілерін анықтауға кірісті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img