spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 17, 2024
9.6 C
Kokshetau

Ақмола облысында электронды мемлекеттік қызмет көрсету сапасы артып келеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелер қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов өз баяндамасында мемлекеттік қызметтердің сапасын және цифрландыру арқылы халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.

Өткен жылы мемлекеттік қызметтердің 94,8% электронды түрде көрсетілген. 443 мың адамға ЭЦҚ берілді. Сондай-ақ, Б.Беспалинов бақылау іс-шараларының қорытындылары туралы хабардар етті. Мысалы, департамент 50 тексеру жүргізген. Тәртіптік жауапкершілікке 9 лауазымды тұлға тартылды, жалпы сомасы 558 735 теңгеге әкімшілік құқық бұзушылық туралы 14 хаттама жасалды.

«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудағы маңызды бағыт -азаматтардың өтініштерін қарау және бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. 2020 жылы департамент түрлі сипаттағы 38 шағымды қарады», – деп атап өтті Б.Беспалинов.

Отырыста мемлекеттік қызмет көрсетудің проблемалық мәселелері талқыланды. Қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар енгізілді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Ол су тасқынына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабтың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img