spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында оқушылардың аралас форматта оқуына рұқсат берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысына сәйкес, сыныптарда 25-ке дейінгі бала санымен оқушыларды аралас форматта оқытуға рұқсат берілді,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі. 

Қаулыда 2020-2021 жылдардағы оқу жылының үшінші тоқсанында өңірдегі білім беру орындарында бірқатар карантиндік жеңілдіктер қарастырылған.

Мәселен, оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптарда 15-тен көп емес бала санымен қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытылады.

– 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектеп алды сыныптардың, 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен оқушыларды аралас форматта оқытылады;

– оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызы қашықтықтан оқытылады (сыныпта 15 адамнан артық емес, «1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимдерін сақтау);

– білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беріледі.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img