spot_img
Сенбі, Сәуір 27, 2024
11.7 C
Kokshetau

Көкшетаулық Виктория Клепцова асырап алған ата-анасына алғыс айтты

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау педагогикалық колледжінің 1-курс студенті, қазақ тілі байқауларының жеңімпазы Виктория Клепцова өзін асырап алған ата-анасына алғыс білдірді, деп хабарлайды «Aqmola News» ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

«Алғыс айту күні – бейбітшілік пен келісімнің көрінісіне айналған жарқын мереке. Бүгінгі керемет мерекеде ең алдымен мені бауырына басып, аялаған, асырап алушы ата-анам – Сайран Қазыбайұлы мен Гүлнар Әміржанқызы Ыбыраевтарға шын жүректен алғыс айтамын! Мен үшін олар әлемдегі ең қымбат, ең мейірімді жандар», – деді Виктория Клепцова Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Алғыс айту күнінің 5 жылдығына арналған дөңгелек үстелде.

Сайран мен Гүлнар Ыбыраевтар Виктория мен оның екі бауырын асырап алған.

«Ата-анамның арқасында менің балалық шағым бақыт пен қуанышқа, ұмытылмас сәттерге толы. Мен ата-анамды, өзімнің туғанымдай болған Бахтияр, Алдияр және Еламан ағаларымды қатты жақсы көремін, ерекше сыйлаймын және әрқашан мақтан тұтамын. Қазақ халқы ата заманнан жетімін жылатпаған ел, әрқашан бала тәрбиесіне ерекше мән берген ел. Осының өзі менің басымнан өткен жағдайдың тағы бір дәлелі деп ойлаймын. Әлемдегі барлық бала бақытты болуға лайықты. Еліміздегі әрбір отбасына ынтымақ, достық, ізгілік, сыйластық пен құрмет тілеймін», – дейді Виктория Клепцова.

Айта кетейік, 2016 жылдың 14 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жарлыққа қол қойып, 1 наурыз – Алғыс айту күні деп жарияланды. Дәл осы 1 наурыз күні елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img