spot_img
Дүйсенбі, Маусым 29, 2026
18.2 C
Kokshetau

1 наурыз күнгі ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазгидромет 1 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News».

Дүйсенбі күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болып, елдің шығысында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында және батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, желдің күшейюі 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің күшейюі 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақтобе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел 18-23 м/с күтіледі.

Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ. Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан өңір атанды

Ақмола облысы еліміздің ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің рейтингінде бірінші орынға шығып, ірі мегаполистер мен басқа да облыстарды...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика