spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
16.2 C
Kokshetau

Айгерім Закарина «Ел үлесі -пәтерге!» жобасының ұйымдастырушыларынан көмек сұрайды (ФОТО-ВИДЕО)

Сондай-ақ...оқыңыз

Зеренді кентінің тұрғыны көпбалалы ана Айгерім Закарина тағдырдың «тосын сыйларымен» күресіп ақ келеді. Ол аудандық ауруханада тазалықшы болып еңбек етеді. Отбасының жалғыз асыраушысы «Aqmola News» редакциясы арқылы «Ел үлесі –пәтерге!» жобасының ұйымдастырушыларынан көмек сұрайды.

Айгерім Закарина – бес баланы бағып, қағып отыр. Бүгінде бар жоғы 80 мың теңге кіріс көзімен жан бағып отырған жанұяның жағдайы мәз емес. Сондықтан да ол қосымша төленетін ақы үшін түнгі кезекшілікке жиі шығатынын айтады.

Осыдан бірнеше жыл бұрын отағасының онкологиялық аурдан көз жұмғаны да Айгерімге ауыр соққы болып тиген. Шиттей бала-шағамен жалғыз қалған қайсар әйел шамасы жеткенінше балаларын жалғыз асырап келеді.
Отбасының ортаншысы Дана болса, сирек кездесетін аяқ сүйектерінің ауруы Келлер синдромымен ауырады. Созылмалы ауруға шалдыққан қыз бала жүрген сайын тез шаршап, аяғы ауыратынын жиі айтады.

Үйдің үлкені тұрмысқа шығып, анасы мен бауырларын қуантқанымен, бұл қуаныш ұзаққа созылмапты. Жас келіншекке бауырындағы баласымен артқа қайтуға тура келіпті.

Айгерімнің айтуынша, қыздан туған жиені де бүгінде бұл отбасының бір мүшесі. Ал, одан соң ол тұрмысқа шығып, өз өмірін өзі қолға алған.

Анам таң ертең сағат алтыдан жұмысына кетеді. Мен үш уақыт от жағып, үйдің бүкіл тірлігін істеймін. Бауырларымның сабағын оқытып, мектепке жіберіп, тамақтарын беремін. Шанамен су тасып, қар күреймін. Үй де тез суып кетеді. Анам болса, үнемі жұмыста, кішкентай бауырларыма қарауға уақыты жетпейді. Өзім аспаз мамандығында оқып, диплом алып, балабақшада жұмыс істедім. Бірақ қазіргі уақытта үйге, балаларға қарайтын адам болмаған соң, амал жоқ үйде болуға тура келіп тұр,-дейді Диана есімді үйдің екінші қызы күнделікті тірлігімен бөлісіп.

Бұл отбасы осылайша қоңыр тірлік кешуде. Өздері тұрып жатқан кішігірім баспананы 15 мың теңгеге жалдайды. Аналарының табысы мен отбасылық бюджеттің көп бөлігі қыстың күні отын мен көмірге кетеді.

Балалардың болашағын ойласам жүрегім сыздайды. Осылар білім алып, адам қатарына қосылса, деп күндіз-түні ойлаймын. Менің жағдайымды түсініп, қол ұшын созам деушілер болса, қуанар едім,-дейді Айгерім Закарина.

Сұрастыра келе кейіпкеріміздің мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана ала алмайтындығын білдік. Оған себеп: Айгерімнің атында Солтүстік Қазақтан облысында тұруға да жарамайтын, ескі үйшіктің болуы. Шалғай ауылда орналасқандықтан оны сатып алатын алушы да табыла қоймайды.

Міне, осындай жағдайларға байланысты Айгерім «Aqmola News» редакциясы ұжымынан Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сабитпен байланыстыруды сұрады. Келіншек дін қызметкері  оның тарихына үңіліп, баспана мәселесін шешіп береді деп үміттенеді.

Өңірдің бас имамы «Aqmola News» журналистеріне жағдаймен танысқан соң, бір шешімге келетінін айтып уәде етті.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін «Ел үлесі – пәтерге!» республикалық жобасы аясында баспанаға мұқтаж 15 ақмолалық  отбасыға пәтер кілттері табысталды.

Аталмыш қайырымдылық шара Ақмола өңірінде Қуаныш Сәбиттің бастамасымен ұйымдастырылады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img