spot_img
Сенбі, Қазан 31, 2026
2.8 C
Kokshetau

Екібастұзда адам өліміне қатысты күдікті ұсталып, не себепті оқ атқаны анықталып жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 23 ақпан күні сағат 08:00-де Сәтбаев көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз  адам оқ атқан. Жарақат алған тұрғын оқиға орнында  жан тапсырды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

– Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 65 жастағы ер адамды ұстады, – деп хабарлады ПД бастығы Нұрлан Мәсімов.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері  анықталуда. Күдікті Екібастұз  қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қару-жарақ тәркіленді. Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде  жарияланбайды.

Еске сала кетейік, кеше Екібастұзда куәгерлердің көзінше ер адамды атып өлтірген болатын. Қылмысты көшедегі бейнебақылау камералары  жазып алған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жолдау міндеттері және партияның өңірдегі нақты жұмысы

Мемлекет басшысының Жолдауы елдің даму бағытын айқындап қана қоймай, оның әр өңірде қалай іске асатынына жауап іздеуді талап етеді....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика