spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Алматыда есірткі сататын 100-ден астам сайттың жарнамасы өшірілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматыда полиция қызметкерлері еріктілермен бірге 100-ден астам тыйым салынған интернет-мекенжайларды бояды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алатау ауданының есірткі қылмыстарына қарсы күресушілері мен учаскелік полиция қызметкерлері «Дәрмек» ЖАІ аясында еріктілердің қатысуымен есірткі сататын орындардың мекенжайларын бояуға арналған іс-шара өткізді.

«Біз әрдайым осындай жазулардың үстін бояу тастаймыз. Бұл жұмысты әдеттегідей жалғыз емес, еріктілер лигасымен бірге атқарамыз. Бұл мекенжайлар жай боялып қана қойылмайды, оларды жазып, содан кейін Интернет кеңістігінде бұғаттауға жіберетінімізді атап өткім келеді. Сонымен қатар, трафарет салушыларды да іздеу шаралары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай жазбаларда бас бостандығынан айыру жазасы бар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Жуырда осы ауданның аумағында қабырғаларды ұқсас мекенжайлармен бояған екі күдікті қамауға алынды. Олар ҚР ҚК-нің 299-1 бабы, 2 бөлімі «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» бойынша жауапқа тартылған. Сондықтан, мұндай «суретшілер» туралы мәліметі бар азаматтар полицияға хабарлай алады. Біз өз кезегімізде құпиялылық пен мадақтауға кепілдік береміз. Алдағы уақытта да халықты осы туралы хабардар ете отырып, осындай жұмыстар жүргізетін боламыз», – деді, Алматы қалалық ПД Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ерлан Алмағамбетов.

Бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша іс-шараға қатысушылар өтіп бара жатқан азаматтарға «біз есірткіге қарсымыз» деген жазуы бар 300-ге жуық бетпердені таратты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img