spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 23, 2025
14 C
Kokshetau

Жақсы ауданында мәдениет үйінің шатырын жел ұшырып кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Жақсы ауданында қатты боран аудандық мәдениет үйінің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға ауа райы жағдайының күрт бұзылып, ақ түтек боранның салдарынан болған.

«Шамамен бүгін 13:48 сағатта 23-25 метр секунд жылдамдықпен соққан дауыл жел тұрған. Дауылдың қатты болғаны соншалық Жақсы аудандық мәдениет үйінің қалың металл жабынымен қапталған шатырын түгелдей жұлып әкеткен. Сондай-ақ, дауылдан әрлеуіш тақтайшалар мен маңдайшалар құлаған. Дауылдан ғимараттың сол жағындағы шамамен 20 метр қоршауы заңымдалып, ағаштар сынды, – деді Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Ғимарат 1968 жылы салынған. .Шатырдың жалпы аумағы шамамен 1000 шаршы метрді құрайды. Мәдениет үйінің шатырына 2014 жылы күрделі жөндеу жүргізілген.
ҚҰтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтарын төтенше жағдайдың алдын алу үшін үйде қалуларын сұрайды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Халықаралық инженерлік турнирде Қазақстан құрамасы рекордтық нәтиже көрсетті​

110 елден 50 мыңнан астам оқушы қатысқан Хьюстондағы FIRST Championship 2025 халықаралық инженерлік турнирінде Қазақстан құрамасы үш жас санаты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика