spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
14.3 C
Kokshetau

Көкшетауда Сәкен Жүнісов атында музей жұмыс істей бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп лицейінде қарымды қаламгер Сәкен Жүнісов музейінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Музей облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы және Мәлік Ғабдуллин музейінің мұрындық болуымен ашылды,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Музейге қаламгер жайлы мәліметтер, көзі тірісінде қолданған заттары, әдеби мұрасы жинақталып қойылды. Орналастырылған 500-ге жуық жәдігер туралы Мәлік Ғабдуллин музейінің аға ғылыми қызметкері Аягөз Махметова жүргізілген экскурсия барысында таныстырды.

Сәкен Жүнісов 1934 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылту ауданы Кішкенекөл ауылында дүниеге келді. Қазақстанның халық жазушысы  теңдессіз мол мұра қалдырды. Ол халқымыздың 20-ғасырда бастан кешкен оқиғаларын өз шығармаларына арқау етті.

Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, «Ақмола-«Тіршілік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, жазушы-драматург Жабал Ерғалиев, сот саласының ардагері Мейрам Ғибаділов құттықтау сөз алып, музейдің жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.

Ал, Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Нұртас Ахат Сәкен Жүнісовтың музейіне жазушының «Жапандағы жалғыз үй» кітабы мен 70 жылдығына орай колледж қабырғасында өткен шығармашылық кеші жазылған дискіні және студенттік шағында жазған дәптерінің көшірмесін тарту етті.

Шараға қатысқан Сәкен Жүнісовтың туған нағашысының қызы Мәраш Мұхаметалина музейге жиен ағасының екі кітабы мен Сәкен Жүнісовтың қарындасы Роза Жүнісованың әкесі туралы жазған  кітабын табыс етті.

Қазақтың көрнекті жазушысы, Көкшенің топырағыңда туып өскен Сәкен Сері Жүнісов атындағы №18 орта мектеп лицейінде ашылып жатқан музейдің басы-қасында, жанашырлық, азаматтық көрсетіп, еңбегімен тер төгіп жүрген Көкшелік бауырларыма мың алғыс. Алла сіздерге денсаулық берсін, ағаның рухы желеп жебесін,-деді Мәраш Мұхаметалина.

Ашылу салтанатында «Жапандағы жалғыз үй» романы бойынша монолог оқылып, «Заманай» көркем фильмінен үзінді көрсетілді.

Сонымен қатар кеш қонақтары Сәкен Жүнісовтің өзі шырқаған әннің аудиосын тыңдады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img