spot_img
Сейсенбі, Шілде 14, 2026
25.6 C
Kokshetau

Тengri Bank ресми түрде жабылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының «Tengri Bank» АҚ қызметін мәжбүрлі түрде тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды «Aqmola News» Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бұйрығымен банкті тарату комиссиясының құрамы тағайындалған. Қолданыстағы заңнама шеңберінде оған банк ісін басқару өкілеттілігі беріледі. Банкті тарату комиссиясының төрағасы болып аталған агенттіктің қызметкері Огай Оксана Дмитриевна тағайындалды.

«Заң талаптарына сәйкес енді үш жұмыс күні ішінде банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі және уәкілетті органның тарату комиссиясын тағайындауы туралы хабарлама көпшілікке жария етіліп, оның ішінде банктің интернет-ресурсында да орналастырылады. Ал он жұмыс күні ішінде бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми басылымдары қазақ және орыс тілдерінде жариялауға тиіс», – деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жақсы ауданында «Таза Қазақстан» акциясына 200-ге жуық тұрғын қатысты

Жақсы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тұрғындарды табиғатты аялауға үндейтін тағылымды іс-шаралар өтті. Басты мақсат – қоршаған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика