spot_img
Сәрсенбі, Қараша 18, 2026
-5 C
Kokshetau

Қазақ тілінің дамуын енді Мәдениет министрлігі қадағаламайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Үкіметтің 2021 жылғы 9 ақпандағы қаулысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті болып қайта аталатыны мәлім болды, деп хабарлайды «Aqmola News».

«Еліміздің Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитетіне Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын берсін», – делінген қаулыда.

«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіруге жауапты.

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» жарлыққа 2017 жылдың қазан айында қол қойды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ғылым өмірі, ғылым жолы

Маңғыстау аймағында жоғары білім беру саласының негізі қаланып, маман даярлаудың басталғанына биыл 50 жыл толды. Осы айтулы датаға орай...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика