spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 15, 2026
6.2 C
Kokshetau

Қазақстанның солтүстігінде аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Павлодар облысының бірнеше ауданы мен Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында үскірік аязға байланысты мектептегі сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Петропавлда 12 ақпан күні 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқытылады. Өйткені қалада термометр бағаны 27 градустан төмендеді. Өңірді бірнеше күннен бері аяз буып тұр. Павлодар облысында да аязға байланысты сабақтар тоқтатылды. Нақтырақ айтқанда Ақсу мен Ертіс қалаларында және Аққулы мен Май ауданында 0-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Сондай-ақ Железинск мен Шербақты аудандарында 1-9 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. Тереңкөл, Павлодар және Успен аудандарының 1-11 сынып оқушылары сабаққа бармайды. Оқушылар сабақты қашықтан оқиды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көрінбейтін майданның қаһармандары: Ақмола облысында ТКШ қызметкерлері күні аталып өтуде

16 сәуір – күнделікті өмірімізді жайлы әрі тұрақты ететін, бірақ еңбегі көбіне көзге көріне бермейтін жандарды еске алатын ерекше...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика