spot_img
Сейсенбі, Мамыр 14, 2024
15.2 C
Kokshetau

Биыл Көкшетауда барлығы 21 тұрғын үй салыну жоспарлануда

Сондай-ақ...оқыңыз

2021 жылы Көкшетау қаласында барлығы 21 тұрғын үй салынбақ. Бұл  1176  пәтерді құрайды. Пәтер кілттерін тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға және мемлекеттік қызметшілерге беру жоспарланған. Бұл туралы қала әкімі Амангелді Смайылов тұрғындарға кезекті есеп беру кездесуі кезінде айтты,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

2020 жыл коронавируспен күресумен ғана ерекшеленген жоқ, сонымен қатар біздің құрылысшыларымыздың да  барын салып еңбектенген жылы болды,-деді қала әкімі кездесу уақытында.  

Қала әкімі өткен жылы баспана нысандарын салу үшін бюджеттен 4,3 миллиард теңге бөлінгендігін айтып өтті.

Өткен жылы барлығы 18 тұрғын үйдің құрылысы басталып, оның 11-і жалға берілетін тұрғын үй ретінде, 7-уі несиелік тұрғын үй кешені ретінде пайдалануға берілді.

Биыл да бұл қарқын да тоқтап қалмақ емес. Қала басшысының мәліметінше, биылғы жылы жалға берілетін 12 тұрғын үй және несиелік 8 тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Су тасқынынан зардап шеккен 27 атбасарлық отбасы баспаналы болды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Атбасар ауданына жұмыс сапарымен барып, онда көктемгі су тасқыны салдарынан үйлері жарамсыз деп танылған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img