spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.5 C
Kokshetau

Талапкер ауылы мектебінде ресурстық кабинет ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысы  Талапкер ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында инклюзивті білім беруді қолдау жөніндегі ресурстық кабинетінің презентациясы өтті. Аудандық білім бөлімінің мәліметінше, бұл кабинет ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне дағдылау үшін қажет,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Ресурстық кабинет АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің шағын гранттар бағдарламасының қолдауымен Ақмола облыстық білім басқармасы мен «Дара» жеке қорының «КЕДЕРГІСІЗ МЕКТЕП» бірлескен жобасы аясында ашылды.

Ақмола обысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 9 мыңнан астам бала тұрады, оның 2,5 мыңнан астамы қазіргі таңда Ақмола облысының орта мектептерінде білім алуда.

Мектептегі инклюзивті білім беруді қолдау ресурстық кабинеті – бұл төрт аймақтан тұратын заманауи кеңістік.

Атап айтқанда: ата-аналарға кеңес беру аймағы, баланың демалу аймағы, мұғалімдер мен мамандардың ұжымдық жұмыс аймағы, сонымен қатар жеке сабақтар өткізуге арналған аймақ.
 Бұл жерде үйде оқытылатын балаларға ерекше назар аударылады. Әрине, ерекше  қажеттіліктері бар балаларға мектеп пен мұғалімдер тарапынан кешенді және жүйелі білім беру талап етілед. Мұнда әдістемелік, ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау, қоршаған ортаға бейімделу, жеке білім беру маршруттарын құру, ал кейбір жағдайларда арнайы мұғалімдердің қолдауы сияқты бағыттар бойынша білім беріледі,-дейді аудандық білім бөлімінің мамандары.
Сонымен қатар, облыстық білім басқармасымен бірге мұғалімдерді оқыту, Қазақстанның басқа аймақтарындағы мектеп өкілдерімен тәжірибе алмасу, сондай-ақ жалпы орта және арнайы білім беру жүйелерінің мамандары арасында топтық жұмыс жасау жоспарлануда.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img