spot_img
Бейсенбі, Мамыр 16, 2024
5.9 C
Kokshetau

Журналистерді аккредиттеу Қағидалары бойынша

Сондай-ақ...оқыңыз

Журналистерді аккредиттеу Қағидаларының жаңа жобасы аккредиттеу рәсімінен өтуге қолайлы жағдай жасауға және оны жеңілдетуге бағытталған бірқатар жаңалықтарды, сондай-ақ аккредиттелген журналистердің іс-шараларға қатысу шарттарын белгілеуге қажетті шараларды қамтиды.

Жаңа жүйені әзірлеу журналистерді аккредиттеуден өту тәртібін ретке келтіру және өзектендіру, сондай-ақ жұртшылықты кеңінен және жедел хабардар ету қажеттілігіне негізделген.

Тәжірибе көрсеткендей, қолданыстағы аккредиттеу жүйесі осы рәсімді өткізудің нақты және жеңілдетілген тетігін толық көлемде қамтамасыз етпейді.

Осылайша, аталған мәселені шешу үшін ережелер жобасында келесі негізгі жаңалықтар қарастырылған:

  1. Журналистердің іс-шараларға қатысуы үшін қосымша мүмкіндіктер жасау мақсатында журналистерді аккредиттеу тұрақты болып бөлінеді, оның қолданылу мерзімі кемінде 1 жыл және нақты редакциялық тапсырманы орындау қажет болған кезде бір рет берілетін уақытша, не науқастанған, демалысы, іссапары болған не нақты іс-шара жария етілген жағдайда тұрақты аккредиттелген журналистерді ауыстыру болады;
  2. Аккредиттеу рәсімінен өту үшін ұсынылатын құжаттар пакеті 4-тен 2-ге дейін құжат (өтініш және жеке басын куәландыратын құжат) қысқартылған;
  3. Өтінішті қарау және ол бойынша шешім қабылдау мерзімін 7-ден 3 жұмыс күніне дейін қысқарту болжанып отыр;
  4. Ашықтықты арттыру үшін аккредиттеуші ұйым өзінің интернет-ресурсында аккредиттелген журналистердің тізілімін жүргізетін болады;
  5. Аккредиттеуші ұйымның міндеттері, атап айтқанда, іс-шараларды алдын ала хабарлау, журналистің отырыстарға қол жеткізуін, сондай-ақ отырыс материалдарына қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша міндеттері көзделген.

Бұл бастамалар жұмыс істейтін аккредиттеу жүйесін құруға және журналистердің өткізілетін іс-шараларға қатысуына тиісті жағдайлар жасауға ықпал етеді.

Осы ережелерді әзірлеу медиа-қоғамдастық өкілдерінің тікелей қатысуымен жүзеге асырылғанын және бағытталған ұсыныстар НҚА жобасында ескерілгенін атап өту қажет.

Медиа саласы мамандарын оқытудың 2020-2021 жылдарға арналған арнайы жоспары бойынша

 

Білім беру процесін жүйелеу, сала мамандарының кәсіби деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Министрлік 2020 жылы Медиа саласы мамандарын оқытудың 2020-2021 жылдарға арналған арнайы жоспарын бекітті.

Арнайы жоспар 5 негізгі бөлімнен тұрады және мамандарды оқыту, мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, шетелдік тағылымдамалар мен курстарды ұйымдастыру, халықтың медиасауаттылығын қалыптастыру және баспасөз қызметі жұмысының тиімділігін арттыру мәселелерін қамтиды.

Арнайы жоспар «Медиа дамыту қоры» КҚ-мен, мемлекеттік және коммерциялық БАҚ-пен, жоғары оқу орындарымен және ҮЕҰ-мен бірлесе отырып, іске асырылатын болады.

2020 жылы Арнайы жоспар шеңберінде бірнеше іс-шара іске асырылды, атап айтқанда:

– медицина, дін және экология салаларында маманданған журналистерді оқыту мақсатында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен және С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетімен меморандумдарға қол қойылды;

– гранттық жоба аясында 912 журналист оқыту курстарынан өтті;

– Astana media week қазақстандық медиа апта шеңберінде Өңірлік БАҚ форумы, баспасөз хатшыларына мен баспасөз қызметі қызметкерлеріне, сондай-ақ БАҚ өкілдеріне арналған семинар-тренингтер өтті.

Ағымдағы жылы Арнайы жоспар аясындағы жұмыс жалғасын табатын болады.

Жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, білім беру бағдарламаларын қайта қарау және жетілдіру, салалық журналистерге арналған оқыту курстарын ұйымдастыру, танымал отандық журналистерді тарта отырып, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы үшін оқыту курстарын өткізу жоспарлануда.

Сала мамандары үшін шетелдік тағылымдамалар өткізу, Astana media week қазақстандық медиа апта шеңберінде белгілі әлемдік журналистерді, медиа тренерлерді тарта отырып, дәрістер мен шеберлік сыныптарын ұйымдастыру және басқа да іс-шаралар көзделген.

Сонымен қатар, баспасөз хатшылары және баспасөз қызметі қызметкерлері үшін де Astana media week қазақстандық медиа апта шеңберінде, «Медиа дамыту қоры» КҚ алаңында және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында біліктілікті арттыру курстары қарастырылған.

👍

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 5000 теңгелік банкнота туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы 25 желтоқсанда жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img