spot_img
Сейсенбі, Мамыр 21, 2024
11.7 C
Kokshetau

Ақмола облысында барлығы 365 мелицина қызметкері екпе алып үлгерді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина журналистермен өткізген брифингте өңірде коронавирус инфекциясына қарсы екпе егу барысы туралы айтты, деп хабарлайды «Aqmola News».

Өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің айтуынша, қаңтардың 31-де облысқа «Спутник V» вакцинасының 1300 дозасы түсті.

Еліміздегі сияқты 1 ақпаннан бастап өңірде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу науқаны басталды. Үкіметтен бөлінген қаражат есебінен вакциналауға жататын адамдардың контингенті анықталды. Алғашқы вакциналарды медицина қызметкерлері мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері алады.

«3 ақпандағы мәлімет бойынша өңірде барлығы 365 адам егілді. Егер бірінші күні 130 адам вакцина алса, екінші күні – 135 адам, қазір кестеге сәйкес бізде күніне 100 – ге жуық адам екпе алады», – деп түсіндірді А.Мусина.

Жалпы, 11 мың медицина қызметкері вакциналауға жатады, олардың 596 – сы инфекциялық стационарлардың және 856 – сы жедел жәрдемнің қызметкерлері. Аймақтың бас санитарлық дәрігері вакцинаны алғашқылардың бірі болып алды. «Вакцина салынған ақмолалықтарда ешқандай жанама әсерлер тіркелген жоқ. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Бүгін менің вакцина алғаныма үшінші күн. Мониторинг жүргізілуде. Медицина қызметкерлері қоңырау шалып жатыр», – деп толықтырды ол.

Айта кетейік, Ақмола облысында вакцина салу жұмысы 24 пункте жүргізілуде.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық оқушы республикалық олимпиада жүлдегері атанды

Алматы қаласының «Tamos Education Physics and Mathematics School» мектебінде Central Asia Biology Olympaid 2024 биология пәнінен олимпиада өтті. Көкшетаудағы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img