spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.6 C
Kokshetau

Еуропа елдері карантин шараларын күшейтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Еуропалық Одақ блок елдерінің азаматы саналмайтын басқа ел адамдарына кіру ережелерін қатаңдатты. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Енді ЕО аумағына аурудың минималды статистикасы бар және оңтүстікафрикалық, британдық немесе бразилиялық жаңа штамдарды жұқтыру жағдайлары жоқ мемлекеттердің тұрғындары ғана кіре алады. Ең төменгі статистика 14 күн ішінде 100 мың адамға шаққанда Covid-19-ның 25-тен аспайтын жағдайын білдіреді. Бұл көрсеткіш ЕО елдерінің кез келгеніне қарағанда төмен. Осылайша, Еуропалық Одаққа кіру тек Австралия, Жаңа Зеландия, Қытай, Руанда, Сингапур, Оңтүстік Корея және Таиланд сияқты шектеулі елдерден ғана мүмкін болады. Франция өз шекараларында бақылауды едәуір күшейтті. Жапония жақында осы тізімнен шығарылды. Ал тізімге Қытайды қосу Қытай билігінің Еуропа азаматтарын кедергісіз кіруге мүмкіндік беретіндігіне байланысты болмақ. Қосымша шекаралық шаралар әр ЕО елінің өз қалауына қарай күшіне енеді.

Мысалы, Германия жалпы Еуропалық одаққа қарағанда одан да қатаң кіру ережелерін енгізді, ал Бельгия наурыз айына дейін екі бағытта да өз шекараларын кесіп өтуге тыйым салды. Тек адамдар үшін өте маңызды болған жағдайларда ғана өтуге рұқсат. Австрия – карантинді жеңілдетіп жатқан жалғыз еуропалық ел. Онда дүкендер, мұражайлар мен хайуанаттар бағы кезең-кезеңімен ашыла бастайды. Әр түрлі мекенжайларда тұратын адамдардың қайтадан кездесулеріне болады, бірақ әзірге бір уақытта екі отбасыдан аспайды. Қоғамдық орындарда маска кию міндетті болып қала береді, халықты қарқынды тестілеу жалғасады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img