spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
12.2 C
Kokshetau

Қуат Хамитовке үкім шығарылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Алмалы аудандық сотында аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Қуат Хамитовке тікұшақтарды ату және дезинфекциялаушыларды ұруға шақырған үндеулері үшін үкім шығарылды, деп хабарлайды «Aqmola News» ұлттық порталы.

Сот Қуат Хамитовты 6 айға бостандығына шектеу жасады.

Спортшы ҚР қылмыстық кодексінің 272 бабы үшінші тармағы (билік өкілдерінің заңды талаптарына белсенді бағынбау және жаппай тәртіпсіздік пен жаппай тәртіпсіздікке арандату, азаматтарға зорлық қылуға шақыру) бойынша сотталды.

Осыған дейін Қуат Хамитовтың соттағы соңғы сөзін «…Мен үшін ең бастысы, қандай жаза берсеңіздер де, бәрібір. Тек маған қажет кезде ерік берулеріңізді сұраймын. Яғни, шетелге шығуыма, жарысқа қатысуыма мүмкіндік болуы керек» деп айтқан еді.

Осыған дейін қымлыстық істер жөніндегі адвокат, заңгер Серік Айтбаев шартты жаза кесілген жағдайда оның қандай шарттарды сақтау тиіс екенін мәлімдеген.

Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылдың қыркүйегінде спортшы «халықты тағы улап жатыр» деп тікұшақтарды атып ал дезинфекциялаушыларды ұруға шақырған. Ал полицияға жеткізілгенде ол бұл видеоны әзіл ретінде түсірілді деп жауап берген еді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 5000 теңгелік банкнота туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы 25 желтоқсанда жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img