spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
13.2 C
Kokshetau

Ақмолалық оқушылар Республикалық III «Абайтану» олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды

Сондай-ақ...оқыңыз
Алматы қаласы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатында өткен III «Абайтану» олимпиадасында ақмолалық оқушылар жүлделі орындарға ие болды,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Байқау 9-11 сынып оқушылары арасында онлайн режимде өткізілді. Ережеге сәйкес олимпиада 2 айналымнан тұрды.
Бірінші айналымда қатысушылар Абайдың қарасөздері мен поэзиясы негізінде эссе жазса, екінші айналымда Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы, М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан алынған үзіндінің мазмұнын жалғастыру, роман мазмұнына қатысты «сократтық» сұрақтар арқылы жалпы білімін, логикалық ойлау деңгейін тексеру; Абай өлеңдеріне теориялық, эстетикалық талдау; Абай іліміне оқушы көзқарасы; Абайтанушылар арқылы баланың ізденісін, берілген сөйлемге кешенді талдау жасау арқылы грамматикалық сауатын тексеру жұмыстары өткізілді.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
1. Целиноград ауданы, Софиевка ауылы №21 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Универқызы Айым жүлделі I орын;
2. Степногорск қаласы, облыстық дарынды балаларға арналған №4 «Болашақ» мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Әбдрахим Көркем II орын;
3. Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Балсеит Елдана – II орын;
4. Бұланды ауданы, Никольск ауылы, Елтай орта метебінің 9-сынып оқушысы Төлеу Елік – алғыс хат;
5. Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылы, Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Батталова Мақпал – алғыс хат;
6. Степногорск қаласы, облыстық дарынды балаларға арналған №4 «Болашақ» мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Қойкен Ұлпан – алғыс хат;
7. Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Билялова Алика – алғыс хат
8.Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Елешқызы Шұғыла – алғыс хат;
9. Шортанды ауданы, Степной орта мектебінің 9-сынып оқушысы Малчыбай Айсұлу –алғыс хат алды.
Жеңімпаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 5000 теңгелік банкнота туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы 25 желтоқсанда жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img