spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.6 C
Kokshetau

Халықаралық жарыста бақ сынаған ақмолалық оқушылар жүлдегер атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық оқушылар математика, физика және информатика пәндері бойынша XVII Халықаралық олимпиадасының жүлдегерлері атанды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

2021 жылдың басында Математика, физика және информатика пәндері бойынша XVII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өткізілді. Осы олимпиада 2005 жылдан бері дәстүрлі түрде ҚР Білім және ғылым министірлігінің бастамасымен Алматы қаласы Республикалық физика – математика мектебінің ұйымдастыруымен 17 жыл бойы өткізіліп келеді. Биыл пандемия жағдайына байланысты Олимпиада онлайн түрде ұйымдастырылды.

Олимпиадаға әлемнің 21 елінен (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Болгария, Сербия, Румыния, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Грузия, Индонезия, Армения, Дания, Қырғызстан, Түрікменстан, Австралия, Иран, Үндістан, Моңғолия, Әзірбайжан, Туркия) 1000-нан астам оқушы 146 команда құрамында қатысты. Әр құрама 3 математиктен, 2 физиктен, 2 информатиктен тұрады.

Ақмола облысының құрамы @bil.kokshetau Көкшетау қаласы «Білім – инновация» лицей – интернатының оқушылары.

Олар математика пәнінен – Даминов Арслан 11 сынып оқушысы, Алпысбай Әділхан 11 сынып оқушысы, Мукашев Алихан 11 сынып оқушысы; физика пәнінен – Болатқан Лұқман 10 сынып оқушысы, Абдикулов Алихан 10 сынып оқушысы; информатика пәнінен – Шарипов Амирлан 11 сынып оқушысы, Тургунов Мади 11 сынып оқушысы.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен математика пәні бойынша – Даминов Арслан және ІІІ дәрежелі дипломмен информатика пәні бойынша Шарипов Амирлан марапатталды.

11-сынып оқушылары Шарипов Амирлан мен Даминов Арслан – бірнеше жыл қатарынан облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздары.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img