spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 22, 2024
11.3 C
Kokshetau

Ақкөлдіктер аудан әкімінің қабылдауында болып мәселелерді оңтайлы шешуді сұрады

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Ақкөл ауданының әкімі Алпысбай Қайыржанов азаматтарды жеке қабылдады,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Азаматтарды қабылдау барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында көмек көрсету, атап айтқанда автобус бағытын жаңарту, тұрғын үй беру, материалдық көмек көрсету, жер учаскесінен ауыртпалықты алып тастау, жеке мәселелер және т. б. мәселелер қаралды.

Аудан басшысы барлық өтініштер мен ұсыныстарды мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында объективті түсініктемелер берді. Азаматтардың мәселелерін оңтайлы шешу үшін, осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Естеріңізге сала кетейік, алдын ала жазылу бойынша жұмыс кестесіне сәйкес, әр сәрсенбі күні сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін Ақкөл ауданының әкімі Алпысбай Қайыржанов азаматтарды жеке қабылдайды. Қабылдау барысында тұрғындар аудан басшысына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оларды бірге шешу жолдарын табуға мүмкіндік алады.

Алдын ала жазуды Ақкөл ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы Оспанова Алмагүл Өрікқызы жүргізеді. Қосымша ақпарат алу үшін 8(716 38) 2-10-05 телефоны арқылы хабарласуға болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық оқушы республикалық олимпиада жүлдегері атанды

Алматы қаласының «Tamos Education Physics and Mathematics School» мектебінде Central Asia Biology Olympaid 2024 биология пәнінен олимпиада өтті. Көкшетаудағы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img