spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
10.2 C
Kokshetau

Қазақстанның алтын-валюта резерві 6,7 млрд долларға ұлғайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанның алтын-валюта резерві өткен жылы 6,7 млрд долларға ұлғайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтты.

«Алтын бағасының өсуі нәтижесінде алтын портфелінің бір жылда 4,7 млрд АҚШ долларына 23,6 млрд АҚШ долларына дейін өсуі есебінен алтын-валюта резервтері 2020 жылғы 31 желтоқсанда алдын ала деректер бойынша 6,7 млрд АҚШ долларына ұлғайып, 35,7 млрд АҚШ доллары болды. Алтын-валюта резервтері құрамындағы еркін конвертацияланатын валютадағы активтер Қарашығанақ Консорциумынан өтемақы аясында қаражат әкелінуі, Азия Даму банкінің қарызы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер қаражатының Ұлттық банктегі валюталық шоттарға әкелінуі есебінен 2 млрд АҚШ долларына өсті», – деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, Ұлттық қордың активтері дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру аясында шығыстардың түсімдерден асып кетуіне және мұнай бағасының құлдырауына байланысты бір жыл ішінде 3,1 млрд АҚШ долларына төмендеп, 58,7 млрд АҚШ долларын құрады.

«Нарықтың құбылмалылығына қарамастан, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі 2020 жылдың қорытындысы бойынша оң болып қалды және 4,1 млрд АҚШ долларын немесе 7,5пайыздыі құрады»,- деді ол.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img