spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
16.7 C
Kokshetau

ҚХА-дан ұсынылған Парламент Мәжілісіне кандидаттарды сайлау аяқталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылған ҚР Парламенті Мәжілісі депутатына кандидаттарды сайлау аяқталды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері дауыс беруге 351 бюллетень алды. Пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерінің саны – 157», – деді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Бектемісова.

Осы орайда ол пайданылмаған бюллетендерь жойылатынын атап өтті. Айта кетейік, бүгін елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының Парламент Мәжілісіне ҚХА-дан депутаттар сайлауға арналған ХХVІІІ сессиясы ашылды.

ҚХА Кеңесі Парламент Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидат ұсынды: Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты, ҚХА мүшесі Сауытбек Әбдірахманов, Батыс Қазақстан облысы армян этномәдеми «Масис» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Аветик Амирханян, Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округінің әкімі Ілияс Буларов, Көкшетау қаласы білім бөлімінің «Техникалық лицей» КММ директоры Наталья Дементьева, «Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы» ЗТБ төрағасы, ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі Юрий Ли, «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, ҚХА мүшесі Вакиль Набиев, «Шығыс» шаруа қожалығының жетекшісі, ҚХА мүшесі Шамиль Осин, «ЖетісуОблГаз» ЖШС бас директоры Владимир Тохтасунов, «Әзербайжан қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Абилфас Хамедов.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов: «Бізге көзбояушылық қажет емес, нақты істер қажет!»

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img