spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 17, 2024
9.6 C
Kokshetau

Еліміздің болашағы жастарға қолдау көрсетеміз!

Сондай-ақ...оқыңыз

«Nur Otan» партиясының атынан сайлауға түсіп жатқан кандидаттар Көкшетау қаласының жастарымен жүздесті. Жылдың соңғы айлары әдетте қорытынды жасалып, жаңа жылға жоспарлар құрумен аяқталады.

Қоғамдық келісім үйінде өткен жылы кездесуде жастарға елдің болашағы өздері екені және оның іргетасы берік болу үшін олардан көп жағдай байланысты екені айтылды. Жастар білімді, саналы, өз ісін жауап бере алатын салмақты, түйінді әрі кесімді пікір білдіре алатын болуы тиіс.

Мен қазірдің өзінде сапта жүрген депутатпын Кезінде маған сенім артылып, депутат етіп сайлады және мен алғаш рет осы жолға түскенде білім саласына жауап бердім. 2015 жылы білім саласының деңгейі бойынша біздің облыс 15 ші орында болған еді, қазір 5 ші орынға шықтық. Жастар қоғамды алға бастыратын тегеурінді күш. Сіздер жұмыла кеткенде үлкен іс тындыра аласыздар. Ал бұл саяси ұйым сіздерге қашанда қолдау білдіреді. Менің ұстанған бағытым адамдарға көмектесу. Сондықтан партиямен бірге көп жұмысты бірге жасаймыз деді өз сөзінде Асен Жақсылықов. Облыс орталығында жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстар жайлы және партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде кандидаттар Мәди Елубаев, Роза Арыстанқызы, Рустем Қалышев, Әсия Шәрімова, Сұлтанбек Бекешев, Олег Топорковтар айтты.

Кездесудің модераторы «Nur Otan» партиясы Көкшетау қалалық аумақтық филиалы төрағасының орынбасары Зәуреш Нұрымова жастардың жалын жігері талай қамалды бұзатынын және олардың ұйымшылдығы қаншама істі тындыруға бастама болатынына тоқталды. Бұл жұмыстарды өздерін қолдайтын саяси ұйыммен бірге атқару керек деді ол. Кандидаттар жастармен емен жарқын пікір алмасты.

«Nur Otan» партиясы Көкшетау қалалық аумақтық филиалы сайлау қорынан төленді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Ол су тасқынына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабтың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img