spot_img
Сейсенбі, Қазан 13, 2026
6.4 C
Kokshetau

7 қаңтар күнгі ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

7 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігінде күн аязды, жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың солтүстік-батысында, күндіз батысында, түнде оңтүстігінде қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, батысында – көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды «Aqmola News» Қазгидрометке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды, күндіз көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты аяз, Алматы облысының солтүстігінде өте қатты аяз болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика