spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
10.2 C
Kokshetau

Өмір сүру жағдайын жақсартайық

Сондай-ақ...оқыңыз

28 желтоқсан күні Жарқайың ауданының маслихатына депутаттыққа үміткер Владимир Камышанский, Валентина Соболевская, Абылайхан Бейсен және Асылхан Әлжанов ауданның мәдениет үйінде, Державин қаласының тұрғындарымен жүздесті. Жиын барысында «Nur Otan» партиясының жеті басымдығын түсіндіріп, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететінін жеткізді.

Дәл осы күні аудандық «Nur Otan» партия филиалының ғимаратында Ақмола облысының маслихатына және Жарқайың ауданының маслихатына депутаттыққа үміткерлер халыққа қызмет көрсету саласының қызметкерлерімен кездесті. Жиында «Нұр Отан» партиясының сайлау алды бағдарламасы таныстырылды.

Мемлекет әр отбасына қолжетімді болуы тиіс жаңа тұрғын үй құрылысына белсенді қолдау көрсетуде.

«Nur Otan» партиясы тұрғын үй алу үшін мүмкіндіктер жасау арқылы отбасы институтын нығайту қажет деп санайды.

Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 560 адам тұр, оның ішінде жетім балалар– 192.

Ауданда тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі 21,4 шаршы метрге жақсарды, «Nur Otan» партиясы бұл көрсеткішті 2025 жылы 23,2 шаршы метрге дейін жеткізуді мақсат етіп отыр.

Бұл үшін «Nur Otan»партиясы жыл сайын 1,1% өсіммен 5 жылда 36,6 мың шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отыр:

– жалпы ауданы 6,1 мың ш. м. (Державин қаласында) 460 пәтерлік 6 тұрғын үйді қайта жаңарту;

– 10,2 мың ш. м. жеке тұрғын үй құрылысын іске қосу;

– көп пәтерлі және жеке тұрғын үй үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар салу.

Жиын соңында 10 қаңтар күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Ақмола облысы Жарқайың ауданы «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының қаражатынан төленді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бұландылық оқушы ядролық реактордың моделін әзірледі

Бұланды ауданының үш оқушысы Бішкек қаласында өткен «Біз – ХХІ ғасыр интеллектуалдарымыз» халықаралық байқауында ел намысын қорғап, жақсы нәтижемен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img