spot_img
Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
17.2 C
Kokshetau

Нұр-Сұлтанда жіптен тоқылған алып шырша пайда болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Нұр-Сұлтанда биіктігі 6 метр болатын тоқылған шырша орнатылды. Жаңажылдық шырша үшін ұзындығы 70 000 метрден асатын 70 келіден астам жіп қажет болған.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, екі апта бұрын Нұр-Сұлтанда «Құрақ көрпе стиліндегі экошырша» халықтық флешмобы басталған. Осы уақыт ішінде 20 сантиметрлік 2000-нан астам шаршы қосылды. Халықтық жоба Қазақстан қалалары мен елорда тұрғындарын біріктірді. Ресей мен Өзбекстанның қолөнер шеберлері де тоқуға атсалысты.

Безендіруге еліміздің түкпір-түкпірінен тоқымашылар, зейнеткерлер, қарттар үйі, қоғамдық қорлар, әлеуметтік кәсіпкерлер мен қолөнершілер қатысты. Мектептердің қамқоршылық кеңестерінің қолдауымен елордадаға 30 мектептің оқушылары, олардың ата-аналары мен мұғалімдері қатысты.

Нұр-Сұлтан мен оның маңындағы аймақтардан, Алматы, Петропавл, Ақтөбе, Тараз, Қарагададан тоқылған шаршылар алып құрақ көрпеге жиналып, шырша түріндегі металл құрылымға қойылды. Қазір арт-нысан өткен жылмен салыстырғанда екі есе биік болып шықты. Жаңажылдық шырша үшін ұзындығы 70 000 метрден асатын 70 келіден астам жіп қажет болды.

«Велюр жіптері бізге бала кезіміздегі әжелеріміздің қолымен жасалған жұмсақ құрақткөрпелерді еске түсіреді. Біз барлық қазақстандықтарды қолдың жылуымен біріктіргіміз, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлап, қаламызды жарқын эко-шыршамен безендіргіміз келді», – дейді жоба авторы, әлеуметтік кәсіпкер Рахима Мұқышева.

Апта бойы елордада 200-ден астам адам тоқуды үйренген ақысыз мастер-кластар өтті. Тоқымашылардың негізгі шоғырланған жері – «Астана Бәйтерек» монументі. Қаланың қолөнер шеберлері мен қонақтары монументтің басында болып, тоқуды үйреніп, Жаңа жылдық елорданың сұлу көрінісімен шабыттанды. Флешмобқа қатысушылар шыршаны құру отбасыларды ортақ іске біріктіріп, Нұр-Сұлтан тұрғындарын жақындастырып, жастарды әлеуметтік желілерден алшақтатқанын атап өтті.

Экошырша «Астана Бәйтерек» монументіне қарсы Нұржол бульварында (Ақ мешіт көшесі жағынан) орнатылды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img