spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau

Целиноград ауданындағы ағаш өңдеу цехынан өрт шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Целиноград ауданындағы ағаш өңдеу цехынан өрт шықты, деп хабарлайы «Aqmola News «тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өрт бүгін түнгі сағат 00:22 шамасында Қосшы аулында болған. Қазандықтан шыққан өрт, ағаш өңдеу және металл өнімдері цехынан шығып, 750 шаршы аумақты шарпыды. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 14 қызметкер және 2 техника, Нұр – Сұлтан қаласының ТЖД 14 қызметкер және 2 техника, Жергілікті атқарушы органдардан 2 адам және 1 техника, жедел жәрдем медициналық қызметінен 5 адам және 2 техника, ДП 6 қызметкер және 3 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 02:35 ауыздықталып, 04:20 сөндірілді.

«Сол маңдағы жатаханада болған 29 адам (оның 4 бала) қауіпсіз жерге шығарылды. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деп түсіндірді ведомстводан.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img