spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau

Нұр-Сұлтаннан Бурабайға жаңа жылдық саяхат пойызы қатынай бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

«Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі отандық туризмді дамыту мақсатында Нұр-Сұлтан-Бурабай бағытында «Санта-Клаусқа жаңажылдық саяхат» пойызын жолға шығарды. Сатылымдағы билеттер  барлық жолаушылар үшін қолжетімді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Нұр-Сұлтаннан Бурабайға қатынайтын жаңажылдық поезд вагоны безендіріліп, әсем әуен қойылған. Вагон  ішіне балаларға арналған тілек жәшігі орнатылған.

Биылғы жаңа жыл мерекесіне арнап осындай ерекше жобаны қолға алып отырмыз. Бұл әсіресе, балалар үшін қуантарлық жайт деп ойлаймыз. Бұл бастаманы «Бурабай Даму» серіктестігі мен Coca-Cola және «Қазақстан темір жолы» компаниялары қолға алып отыр,-дейді  «Бурабай даму» серіктестігінің менеджері Әсем Мұқымова. 

Күн сайын Нұр-Сұлтаннан таңғы сағат 6.13-те жолға шығатын поезд Бурабай курорты станциясына 09.47-де келіп тоқтайды.

Бұл ақпаратты қосымша мына телефондар арқылы білуге болады:

1405

+ 7 701 092 14 05

+7 (716) 36 7 20 15

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында судан зардап шеккендерге көмек көрсету жалғасуда

«AMANAT» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдері Ақмола облысының Бұланды ауданының судан зардап шеккен Иванковка ауылына келіп, «Құқықтық көмек»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img