spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
9.9 C
Kokshetau

Ауыл шаруашылығын қолдау – «Nur Otan» партиясының басым міндеттерінің бірі

Сондай-ақ...оқыңыз

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарының бірі – аға ұрпаққа қамқорлық көрсету. Біздің ауданда Шортанды ауданының қалыптасуы мен дамуына өз үлестерін қосқан құрметті тұлғалар аз емес.

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Марат Алтайбекұлы Атабаев және аудандық мәслихат депутаттығына кандидат, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахмедия Шабданұлы Қожамсейітов «Есіктен есікке»акциясына қатысты. Олар бар өмірін ғылымға арнаған, ғылыми қызмет өтілі 50 жылды құрайтын Қанат Ашкейұлы Ақшаловқа барып, партияның сайлауалды бағдарламасы жөнінде баяндап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын талқылады. Сондай-ақ аграрлық ғылым мен агроөнеркәсіптік кешенінің дамуы да сөз болды.

Егіншілік пен өсімдік өсірудің жоғары білімді маманы, жердің жағдайын жетік білетін Қанат Ашкейұлы Қазақстанның, халықаралық қоғамдастық ғалымдары және А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы ұжымы арасында да зор құрмет пен шынайы алғысқа ие.

Қанат Ашкейұлы «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің жетекші ғылыми қызметкері ауданның қоғамдық өміріне, қайырымдылық акцияларына, ауданда өткізілетін түрлі іс-шараларға белсенді қатысады. Ол Қоғамдық кеңестің мүшесі, бұрын ауылдық Кеңестің депутаты, Шортанды аудандық мәслихатының депутаты болған.

Ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін Қанат Ашкейұлы «Еңбек ардагері», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР Мәслихатына 20 жыл», «Мәслихаттарға 25 жыл», «Академик А.И.Бараевтың 100-жылдығына», «Шортанды ауданына 80 жыл» медальдарымен, Жапония, Германия, Түркия, Ресей және тағы басқа елдердің ғылыми ұйымдарының (ФАО, ПРООН, ИКАРДА, АГРИ-ФУД, Дэвис Университеті, Киото Универститеті) Халықаралық сертификаттары мен алғыс хаттарымен марапатталған.

Ғалымдармен әңгімелесу барысында облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар аграрлық ғылымның бүгінгі күнгі жай-күйін және оның таяу жылдардағы даму перспективаларын талқылады.

Nur Otan» партиясы мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында және өнімді қайта өңдеуде жаңа озық технологияларды енгізу есебінен Шортанды ауданында жоғары технологиялық агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі жұмысты жалғастырады.

2025 жылға қарай минералды тыңайтқыштарды қолдану алаңын 27 мың гектардан 45 мың гектарға дейін, үшінші репродукциядан төмен емес тұқыммен егіс алаңының 89,2% – дан 90% – ға дейін; өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану алаңын 90% – дан 100% – ға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Партияның алдағы перспективаға арналған жоспарында     Агроөнеркәсіптік кешенде 70-тен астам жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру, еңбек өнімділігін 1,5 есеге 3 млн.теңгеге дейін ұлғайту және жалақыны 128 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін ұлғайту бар.

Қанат Ашкейұлы сайлау алдындағы үгіт қатысушыларына ғылымға және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту проблемасына немқұрайлы қарамағаны үшін алғыс айтып, алдағы сайлауда оларға жеңіс тіледі.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Шортанды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img