spot_img
Жұма, Тамыз 28, 2026
19.2 C
Kokshetau

Республикалық сайлауалды штабы жұмыс сапармен Көкшетау қаласына келді

Сондай-ақ...оқыңыз

 «Nur Otan»партиясының республикалық сайлауалды штабы өңірлерге сапарын жалғастыруда. Сайлау штабының өкілдері көкшетаулық  «Серпін» бағдарламасының жас мамандары мен қатысушыларымен жүздесіп, білім сапасы мен жұмысқа тұру мәселерін талқылады.

Осы күні сайлауалды штаб мүшелері ауылшаруашылығы техникасын жинаумен айналысатын зауыт жұмысшыларымен кездесті.

Ақмола облысына сапары барысында партияның бірінші орынбасары Бауыржан Байбек азаматтарға жеке қабылдау жүргізді.

Бұланды ауылынан Резида Абдрахманова ауылдағы апатты жағдайда тұрған жалғыз мектепті жөндеуден өткізу қажеттігін жеткізді.

Аршалы ауылынан Нұрмуханбет Қасымхан мәдениет үйін жөндеу қажеттігін айтты. Көкшетау қаласының тұрғыны Шияп Алиев қаланы газдандыру мәселесін көтерсе, Арайлы ауылының тұрғыны көшелерге ауыз су тарту мәселесін жеткізді.

Алдағы уақытта көтерілген мәселелер мен барша ұсыныстар партияның ерекше бақылауына алынады.

Өз материалдарынан.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Артық тәуекелсіз рентген

Рентгенологиялық зерттеулер заманауи диагностикада маңызды рөл атқарады. Олардың көмегімен дәрігерлер сынықтарды, өкпе ауруларын және басқа да патологиялық өзгерістерді жылдам...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика