spot_img
Сейсенбі, Мамыр 14, 2024
16.2 C
Kokshetau

Ақмоланың үш тұрғыны көрші облыстан жылқы ұрлап, қолға түсті

Сондай-ақ...оқыңыз

Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше рет жылқы ұрлаған үш ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды «Aqmola News».

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Айыртау ауданында жылқының жоғалғандығы жөнінде тұрғындардың алғашқы арыздары шілде айында түскен. Ол жолы Гусаковка елдімекенінде жергілікті ЖШС-нің екі жылқысы қолды болды. Сол түні Имантау ауылында тұрғынның өрісте жүрген құлынды биесі жоғалған.

Қылмыскерлер ұстатпай кеткенімен, тәртіп сақшылары күдіктілерді іздеуді тоқтатпаған. Осындай жедел-тергеу іс-шаралары барысында Ақмола облысының 33, 34 және 43 жастағы үш тұрғыны анықталды. Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Мал ұрлығы» бабы бойынша енгізілді. Күдіктілердің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалса, үшіншісіне міндетті түрде келу бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу барысында олардың Гусаковка елдімекенінде былтыр болған тағы бір жылқы ұрлығына қатыстылығы анықталды. «Күдіктілердің айтуынша, олар ұрланған жылқыны көзге түспеу үшін түнде айдаған. Кейін сойып, етін Ақмола облысында сатқан. Олардың үшеуі де бұрын мал ұрлығы үшін сотты болған.

Ал ұрылардың көзіне түскен жылқылардың барлығы қараусыз, өз беттерімен жүрген. Әлі күнге дейін ауыл тұрғындарының кейбірі жылқысын оттасын деп ауыл сыртына шығарып, шідерлеп қояды. Ұрлап кетеді деп қауіптенбейді де. Бұл дұрыс емес, бағусыз жүрген мал ұрыларға оңай олжа», – дейді Айыртау аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Григорий Лукьяненко.

Жалпы, «Мал ұрлығы» бабы бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Су тасқынынан зардап шеккен 27 атбасарлық отбасы баспаналы болды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Атбасар ауданына жұмыс сапарымен барып, онда көктемгі су тасқыны салдарынан үйлері жарамсыз деп танылған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img