spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
1.7 C
Kokshetau

Ерейментау ауданында жел электр станциясы іске қосылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында жел энергетикасы саласындағы жобалар табысты іске асырылуда. Тәуелсіздік күніне орай Ерейментау ауданында қуаты 30 МВт жел электр станциясы пайдалануға берілді, «Aqmola News» деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бұл жолғы жел қондырғысының құрылысын «Golden Energy Corp» ЖШС жүзеге асырған. Жел электр станциясы Тайбай ауылдық округінде орналасқан. Жоба қолда бар жел әлеуетін игеруге, органикалық отынды үнемдеуге және өңірдегі парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған.

«Нысан биіктігі 115 метр, қалақтары бар 18 мачт-турбинадан тұрады. Бұл қуаты 2 МВт-қа дейінгі нарықтағы ең жақсы турбина және жылжымалы ауданы бойынша әмбебап жел қондырғысы. Ол жоғары және орташа жел дәліздерінде өнімділікті қамтамасыз етуге арналған. Бүкіл әлем бойынша 2000-нан астам осындай турбиналар орнатылып, жақсы жағынан көрсетіп отыр», – дейді кәсіпорын директоры Анна Омашева.

Жобаның құны 5,6 миллиард теңгені құрайды. Жел электр станциясының құрылысы кезінде 30 адам жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар, Ерейментау қаласының маңында қуаты 50 МВт болатын тағы бір «Ereimentau Wind Power» жел электр станциясының құрылысы басталды.

Бұл жоба бойынша қуаттылығы 4,8 МВт болатын 11 жел турбинасының құрылысы қарастырылған. Жел қондырғысының құны 26,6 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Оны іске қосу 2021 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img