spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
25.2 C
Kokshetau

Бурабайда жаңа балабақша пайдалануға берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабай ауданының Ұрымқай ауылында «Болашақ» бөбекжай-бақшасы есігін айқара ашты. Жаңа нысанның құрылысы өткен жылы басталған, деп хабарлайды «Aqmola News»

Мектепке дейінгі жаңа білім беру мекемесінде қазақ және орыс тілдерінде оқытылатын 45 орынды екі топ жұмыс істемек.

Балабақша барлық заманауи және нормативтік талаптарға сай. Балаларға барлық жайлы жағдай жасалған. Жатын және топтық бөлмелер, балалар жиһаздары, ойын және дидактикалық материалдар бәрі ойдағыдай. Барлық жабдықтар ашық әрі айқын түсте орындалған. Киім қоюға арнайы ыңғайлыы кабинкалар орналастырылған. Сондай-ақ, жоғары сапалы ауыз су, электрмен жылытылған жылы еден, бейнебақылау жүйелері орнатылған, – деді Бурабай аудандық білім беру бөлімінен.

Жаңадан ашылған балабақшада 15 жаңа жұмыс орны құрылды. Штаттық кестеде дене шынықтыру, музыка жетекшісі, педагог-психолог сияқты қосымша білім беретін ұстаздар да қарастырылған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img