spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
4.5 C
Kokshetau

Биылғы жылы Көкшетау қаласында 153, 6 шаршы метр баспана пайдалануға берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласында ағымдағы жылы 153, 6 шаршы метр баспана пайдалануға берілді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы өңірдің 10 айындығы әлеуметтік-экономикалық дамуының оң өзгерістеріне арналған брифингте қала әкімі Амангелді Смайлов айтты.

Қаладағы құрылыс жұмыстарының көлемі 33,3 миллиард теңгені құрады. Қорытынды кезеңде қалада салынып жатқан бірқатар үйлердің құрылысы аяқталып, 153,6 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді,-деді қала әкімі брифинг барысында.

Бұдан бөлек, жалпы ауданы 29 154 мболатын жер телімдерінен 21 жеке үй пайдалануға берілді.

Биылғы жылы Әуезов көшесінің бойынан жалпы аумағы 184  шаршы метр жерден 4074 м2  болатын Жоғары көпсалалы колледжі  мен Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау мемлекеттік Университетінің жанынан аумағы 4001 м 2 болатын «Студенттер үйінің» салынып, қолданысқа берілгендігін атап өткім келеді. Сонымен қатар А және В корпустарынан тұратын «Болашақ сарайының» салынуы да, өңірдегі құрылыс саласының үлкен жетістігі. Бұл өңірдегі оқушылар мен студенттердің білім алу сапасын жақсарту мақсатында атқарылған жұмыстардың бірі,-деді Амангелді Смайлов өз сөзінде.

Қала әкімі жиын барысында қалада биыл тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізіліп, бірқатар баспанаға мұқтаж көкшетаулықтар қоныс тойын тойлағанын атап өтті.

Қаладағы құрылыстарды «АлуаСтрой» ,»Кокше Сити», «Отау Курылыс»,»Евразия Строй» сияқты басқа да құрылыс компаниялары жүзеге асырған. 

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img