spot_img
Сейсенбі, Мамыр 7, 2024
8.2 C
Kokshetau

Атбасарда өрттен 1 адам қаза тауып, 3 адам құтқарылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Атбасар қаласында көппәтерлі тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан 1 адам қаза тауып, 3 адам құтқарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлайды «Aqmola News».

«Кеше түнде Атбасар қаласында бес қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінен өрт шықты. Өрт сөндіру барысында үш адам құтқарылды. Тағы 6 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оның ішінде 3 бала бар. Өкінішке орай, өрт болған пәтерде 1966 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды», – деді ол.

Ресми өкілдің атап өтуінше, өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 7 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің кезекші жедел-тергеу тобы жұмыс істеді.

«26 минут ішінде өрт толығымен сөндірілді. Өрт үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінен шыққан. Үй заттары мен жиһаздар өртенген. Өрт кезінде төменгі қабатта тұратын тұрғындар үйлерінен өздігімен шығып кеткен. Жоғары қабаттардағы тұрғындар қалың түтіннің салдарынан төмен түсе алмады. Өрт сөндірушілер әр пәтерді тексеріп, онда адамдар болған кезде оттегі маскасын киіп, таза ауаға шығарды», – деді Талғат Уәли.

 

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img