spot_img
Жұма, Қараша 27, 2026
0.2 C
Kokshetau

Тоқаев Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай өткен шаралардың қорытындысы жайында баяндалды.

Конституциялық Кеңес Төрағасының айтуынша, Ата Заңның мерейтойлық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Ұлттық жоспар коронавирус пандемиясы тудырған қиыншылықтарға қарамастан жүзеге асқан.

Президентке мерейтой шеңберінде өткен іс-шаралар қорытындысы бойынша Ата Заңның әлеуетін жан-жақты іске асыру және елдегі конституциялық заңдылық жүйесін нығайтуға бағытталған ұсыныстар туралы ақпарат берілді. Ұсыныстардың бір бөлігі Конституциялық Кеңестің құқықтық негізін одан әрі жетілдіру және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау кепілдігін күшейтуге байланысты келіп түскен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция Қазақстанның мемлекеттілігі мен еліміздің стратегиялық дамуының негізі екенін айтты. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында мемлекеттік органдар мен азаматтар конституциялық талаптарды терең түсінуі және оны басшылыққа алуы керек.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сайлауға дайындық заңнама талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізіліп жатыр

Сайлау науқаны «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде ұйымдастырылуда. Орталық сайлау комиссиясы сайлау үдерісінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика